АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлы Дональд Джон Трамп Эстонияға барды. Бұл туралы Delfi порталы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ұшақ Таллинге 6 қыркүйек күні таңертең ерте қонған. Осыдан кейін америкалық кәсіпкер Radisson Collection қонақүйіне орналасқан. Портал мәліметінше, Трамп түске қарай қонақүйден қызметтік есік арқылы шығып кеткен.
АҚШ-тың Таллиндегі елшілігінің өкілі бұл сапарға қатысты пікір білдірмейтінін мәлімдеді.
Кіші Дональд Джон Трамп 2017 жылдан бері Трамптар отбасының бизнес активтерінің едәуір бөлігін басқаратын отбасылық The Trump Organization компаниясында атқарушы вице-президент қызметін атқарып келеді.
