Астанада салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй өртенді

160
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BFSk8LvIFaPrTAqWCOQdCBY9AwmFev7bzO83WOUM.webp

Астанада Сарайшық ауданындағы А-32 көшесінде салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үй өртенді. Бұл туралы ТЖМ жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Қазіргі уақытта Астана қаласы ТЖМ құтқарушылары А-32 көшесінде салынғалы жатқан 12 қабатты тұрғын үй өртін сөндіріп жатыр.

Алғашқы бөлімшелер оқиға орнында келген кезде бірінші қабаттан жетінші қабатқа дейін сыртқы қаптамасы ашық жалынға оранған, деп хабарлады ТЖМ 2026 жылғы 6 қыркүйекте.

Шұғыл түрде өрт сөндіру оқпандары берілді. Өртті толық жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

ТЖМ өрттің ауыздықтағанын мәлімдеді.

Комментарии
Другие материалы