Нетаньяхудың ұлы АҚШ-тан эвакуацияланды

77
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QiaiHaF9Mg7PC9xvnjAaepYXiS3xRehNpghy42NR.jpg

Фото: Aleksey Nikolskyi

Израильдің "Шин Бет" арнайы қызметі премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың ұлы Яирді АҚШ-тан шұғыл түрде эвакуациялағанын растады. Бұл туралы Jerusalem Post басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұған дейін БАҚ-та оның Флоридадан Израильге шұғыл жеткізілгені туралы ақпарат тараған болатын. Ведомство бұл мәліметті растады.

"Яир Нетаньяхуға зиян келтіреді деген үлкен қауіп шынымен болды. Жағдайды бағалағаннан кейін оны қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен бірге Израильге шұғыл қайтару туралы шешім қабылданды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иран оның ұлдарының бірін өлтіруге әрекеттенгенін хабарланған. Осыған байланысты ол ұлына арнайы күзет жалдады.

 

Комментарии
Другие материалы