Бір мектепте директордың ақша жинайтыны туралы ақпарат тарады

117
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ze49w2HH6ACkPbehSpyFxx7zxV8NBGeT8im0P9EC.jpg

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы бір мектеп мұғалімдері мектеп директоры тарапынан қысым көрсетілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ұстаздар түрлі себеппен ақша жиналғанын айтып шағымданды.

БАҚ дерегінше, мектеп ұжымы білім беру ұйымында әртүрлі қажеттіліктерге байланысты мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналарынан бірнеше рет ақша жиналғаны туралы шағымданған. Сонымен қатар педагогтар басшылық тарапынан психологиялық қысым болғанын және кейбір әрекеттерді қысым ретінде қабылдағанын мәлімдеді.

Мұғалімдер бірқатар бұйрықтың тиісті мерзімінен кейін рәсімделуі мүмкін екенін де алға тартты. Олардың сөзінше, бұл жайттарды растайтын банк аударымдары, WhatsApp-тағы хат алмасулардың скриншоттары, құжаттардың көшірмелері және басқа да материалдар бар.

Мектеп ұжымы қаржылық жағдайға жан-жақты аудит жүргізіп, құжаттар мен бұйрықтардың, сондай-ақ қызметтік шешімдердің заңдылығын тексеруді сұрады.

Мұғалімдердің шағымына Түркістан облысының білім басқармасы жауап берді. Ведомство жағдайды анықтау үшін Сарыағаш ауданына арнайы комиссия жіберген. Жағдай тексеріліп жатыр.

Комментарии
Другие материалы