Алматыда қала Қоғамдық кеңесінің Құрылтайға алдағы сайлауға арналған жалпы отырысы өтті.
Қоғамдық кеңес мүшесі Дмитрий Лактюшин сайлау процесінің және азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуының маңызын атап өтті.
Оның айтуынша, алдағы сайлау мемлекеттің дамуындағы маңызды кезең болмақ. Жаңа саясаткерлердің пайда болуы, саяси бәсекелестік мәдениетінің қалыптасуы және ашық пікірталастардың өтуі Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі оң өзгерістерді көрсетеді.
«Біз жаңа адамдардың, жаңа саясаткерлердің келіп жатқанын, саяси бәсекелестіктің жаңа мәдениеті қалыптасып, пікірталастардың өтіп жатқанын көріп отырмыз. Азаматтық қоғам өкілі ретінде бұл маған үлкен оптимизм ұялатады», — деді Қоғамдық кеңес мүшесі Дмитрий Лактюшин.
Ол сондай-ақ азаматтардың алдағы сайлауға белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды. Оның пікірінше, саналы түрде дауыс беру — азаматтық жауапкершілік пен Қазақстанның одан әрі дамуына деген қызығушылықтың көрінісі.
Дмитрий Лактюшин қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға және өз азаматтық таңдауына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
