Астанадағы «Зерде» мектебінің 65 түлегінің барлығы грант иеленді

1477
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DPe1LnQBBceAKIy1BDfWAwcjzISfabnudI72FYs5.jpg

Астана қаласындағы №9 «Зерде» мектебін биыл 65 түлек бітірді. Олардың барлығы жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін гранттарға ие болды.

Оның ішінде 42 түлек кеше нәтижесі жарияланған мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды. 9 түлек – Назарбаев Университетіне, ал 14 түлек – шетелдегі ТОП-50 университеттеріне тегін оқуға түсті. Осылайша, мектеп түлектерінің грантқа түсу көрсеткіші 100 пайызды құрады.
Мектеп түлектері еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарымен қатар, Назарбаев Университетінде және әлемнің үздік университеттерінде білім алатын болады.

Мектеп ұжымының айтуынша, бұл нәтиже оқушылардың жүйелі дайындығы, ата-аналардың қолдауы және ұстаздардың кәсіби еңбегінің нәтижесі.
Айта кетейік, мектепке бір жыл бұрын директор болып тағайындалған Ерлан Тағатбекұлы оқу процесін жетілдіруге және түлектердің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігін арттыруға ерекше көңіл бөлген.
Оның бастамасымен оқушыларға еліміздегі және шетелдегі жоғары оқу орындарына түсу бойынша кәсіби бағыт-бағдар беретін мамандар тартылды. Олар түлектерге университет таңдау, білім беру бағдарламалары, грантқа түсу талаптары және шетелдік жоғары оқу орындарына құжат тапсыру мәселелері бойынша жан-жақты кеңес берді.

«Біздің мақсатымыз – баланың тек білімін бағалап қана қоймай, оның қабілеті мен қызығушылығына қарай дұрыс бағыт-бағдар беру. Осы мақсатта оқушыларға кәсіби сүйемелдеу көрсететін мамандарды тарттық. Бүгінгі нәтиже – мектеп ұжымы, ата-ана және оқушының бірлескен жұмысының жемісі», – дейді мектеп директоры Ерлан Тағатбекұлы.

Комментарии
Другие материалы