Қазақстанға Ресейден көліктің жалған нөмірлері жеткізілген

174
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gAOrUy1jf96KCSttlL1hY1wrt0PHzoGHmfkI6uM6.jpg

Қазақстан аумағында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін заңсыз дайындау және таратумен айналысқан топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті хабарлады.

Тергеу мәліметінше, жалған мемлекеттік нөмірлер Ресей аумағынан жедел жеткізу қызметтері арқылы Қазақстанға жеткізіліп, кейін елдің әр өңіріндегі тапсырыс берушілерге сатылған.

Құқыққа қайшы әрекетті ұйымдастырушы Алматы қаласында ұсталды. Ол жалған мемлекеттік нөмірлерді жүйелі түрде дайындап, сатумен айналысқаны анықталды.

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жалған нөмірлік белгілер мен іске қатысты заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Қазір оқиғаға қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау мақсатында тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Комментарии
Другие материалы