Ди Каприо қоры жойылып кету қаупі бар 100 жануар түрін құтқаруға кірісті

151
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EGPQ1eQMbpA4LOnqXRlYWGUVVUoB9TpfPWt87xbB.jpg

Голливуд актері Леонардо Ди Каприо мен кәсіпкер Джефф Безостың қорлары сирек кездесетін 100 жануар түрін қалпына келтіруге бағытталған жобаны іске қосты. Бұл туралы Independent жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әңгіме Ди Каприо негізін қалаған әрі қаржыландыратын «Re:wild» қоры мен Безостың «Bezos Earth Fund « қоры жүзеге асырып жатқан Phoenix Species Project бағдарламасы туралы болып отыр. Бұл – аталған қорлар тарихындағы жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалуға ғана бағытталған ең ірі жоба.

Жобаның идеясын Леонардо Ди Каприо бірнеше жыл бойы әзірлеген. Кейін бастамаға Джефф Безос пен оның жұбайы Лорен Санчес Безос қосылған. Жергілікті билік өкілдері, экологтар және байырғы халықтармен бірлесіп, қор мамандары алтын басты сифака (Мадагаскар), Солтүстік Каролина саламандрасы, висай сүйелді қабаны (Филиппин), Косумель аралының тышқаны, қызғылт құрлықтық игуана (Галапагос аралдары), Аттенбороның ұзын тұмсықты ехиднасы (Жаңа Гвинея) және басқа да сирек түрлердің санын қалпына келтіру жоспарын әзірлеген.

«Жобаның мақсаты – жекелеген жануар түрлерін сақтап қалумен шектелмей, бұған дейін шағын бюджетпен жұмыс істеп келген жергілікті табиғатты қорғау бастамаларына ұзақ мерзімді қолдау көрсету»,– деп жазды басылым.

 

Комментарии
Другие материалы