АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Орталық Азия елдеріне ресми сапармен барады

168
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZVHUaaFJ0q1w8PNShVCgLSj3oTZuxhJ4PqYiyXtI.jpg

АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік хатшысының көмекшісі Самир Пол Капур Орталық Азия елдеріне өңірлік турне жасайды. Бұл туралы елдің мемлекеттік департаменті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 5–12 тамыз аралығында Үндістан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанға ресми сапармен бармақ.

«Сапар барысында көмекші мемлекеттік органдардың өкілдерімен және бизнес қауымдастық жетекшілерімен кездесіп, АҚШ әкімшілігінің басым бағыттарын ілгерілету мәселелерін талқылайды. Атап айтқанда, өңірдегі сауда көлемін ұлғайту, инвестициялық және кәсіпкерлік мүмкіндіктерді кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады»,–делінген хабарламада.

Комментарии
Другие материалы