Әлеуметтік желілерде бейәдеп сөздер айтқан тұрғын қамауға алынды

88
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HDlYIWqkQR4xV20NI6p0CtvlUcWjZ6Xpjk9pMxjf.webp

Алматы облысында TikTok пен Instagram желілерінде бейәдеп сөздер айтылған видео жариялаған 22 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна".

Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын ашық түрде менсінбеу белгілері бар бейнежазба анықталған.

Тексеру нәтижесінде видеоны жариялаған адамның Алматы облысының 22 жастағы жұмыссыз тұрғыны Нұрсат Пшан екені белгілі болды.

Сот шешімімен ол бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Алматы облысы полиция департаменті әлеуметтік желілер де қоғамдық кеңістіктің бір бөлігі саналатынын еске салып, қолданыстағы заң талаптары цифрлық ортадағы пайдаланушыларға да бірдей қолданылатынын атап өтті.

Комментарии
Другие материалы