Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әкімшілік қамаудан босатылды

79
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1AKIiNbDM8kECjHdnXFS891sErESHJJBPkmQhR6O.jpg

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулік әкімшілік қамаудан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews-ке сілтеп.

28 шілде кешінде спортшыны әкімшілік қамаудағыларға арналған арнайы қабылдау орнының алдында жұбайы мен достары қарсы алды. Журналистердің сұрағына жауап берген Данияр Елеусінов болған оқиғаға өкініш білдірді.

"Оқиғаға қатысты... болған жағдай болды, бәріңіз көрдіңіздер. Сол үшін қатты өкінемін", – деді спортшы.

Осыдан кейін ол жақындарының сүйемелдеуімен көлікке отырып, оқиға орнынан кетіп қалды.

Еске салайық, Данияр Елеусінов 9 шілдеде мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін ұсталған. Астана қаласының әкімшілік соты оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырған.

Комментарии
Другие материалы