Әскери институт курсанты дрондарға тосқауыл қоятын құрылғы жасады

177
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VuZCjqet27P3KY0YbPvQoHbrTm8Vw5GWHsupNg6a.jpg

Фото:gov.kz

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының 3-курс курсанты Шыңғысхан Шынтеміров ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы қолданылатын жаңа радиоэлектронды құрылғыны әзірледі, деп хабарлайды "Адырна".

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, өнертабыстың басты ерекшелігі – ықшам әрі жеңіл болуы. Бұл оны түрлі жағдайда оңай алып жүруге және жедел пайдалануға мүмкіндік береді. Құрылғы дрондар мен Wi-Fi желілерінің басқару және байланыс арналарын басып, олардың жұмысын тоқтатуға қауқарлы.

Шыңғысханның айтуынша, әскери мамандықты таңдауы бала күнгі арманының жүзеге асуы.

«Әскери адам болуды бала кезден армандадым. Әкеме қарап бой түзеп, әскери форманы киюді мақсат еттім. Бүгінде сол арманыма жетіп, өзім қалаған мамандық бойынша білім алып жатырмын. Жасаған өнертабысым да осы саламен тікелей байланысты», – дейді курсант.

Жас өнертапқыш құрастырған құрылғы 2,4–2,5 ГГц жиілік диапазонында жұмыс істейді. Мұндай радиоэлектронды күрес құралдары қазіргі заманғы әскери операцияларда ұшқышсыз ұшу аппараттарының қызметін шектеуге мүмкіндік беріп, жеке құрамның қауіпсіздігін күшейтуге ықпал етеді.

Комментарии
Другие материалы