Бір түнде үш аумақтан өрт шықты

244
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BFSk8LvIFaPrTAqWCOQdCBY9AwmFev7bzO83WOUM.webp

Ақмола облысында түн ішінде құтқарушылар құрғақ шөптің жануына байланысты үш өртті сөндірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Оқиғалардың бірі Целиноград ауданында, Ақжар ауылының маңында тіркелді. Мұнда құрғақ шөп 12 гектар аумақта жанған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында толықтай сөндірілді. Өртті ауыздықтауға ТЖД күштерімен қатар, «Жасыл Аймақ» орман шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және «Қазавиаорманқорғау» РМК мамандары жұмылдырылды.

Оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Комментарии
Другие материалы