Қазақстанда босқын мәртебесін беру тәртібі өзгерді

157
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iYG1YkjVEJ5hvN5RQzesdmtssqQ2uLAI1aHFGfop.webp

Елімізде босқын мәртебесін беру тәртібі жаңартылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тиісті өзгерістер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқар Ертаевтың 2026 жылдың 30 маусымындағы бұйрығымен енгізілген. Құжатқа сәйкес, нәсіліне, ұлтына, дініне, азаматтығына, белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылығына немесе саяси көзқарасына байланысты қудалауға ұшырау қаупі бар шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам босқын деп танылады.

Босқын мәртебесін алу үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға жазбаша өтініш беру керек. Өтініш Қазақстанға келген күннен бастап немесе қудалау қаупі туындағанын білген сәттен бастап бес күнтізбелік күн ішінде тапсырылуы қажет.

Сондай-ақ баспана іздеуші куәлігін беру тәртібі нақтыланды. Бұл құжат 18 жасқа толған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға үш ай мерзімге беріледі. Ол босқын мәртебесін беру мәселесі қаралып жатқан кезеңде Қазақстан аумағында заңды түрде болуға құқық береді.

Егер өтініш отбасы мүшелерімен қауышу мақсатында берілсе, туыстық байланысты растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Өзгерістер 2026 жылғы 18 шілдеден бастап күшіне енбек.

 

Комментарии
Другие материалы