«Қазақстан темір жолының» басшысы қызметінен кетті

459
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RzkbPNkrenNS5bujBFLjNF9PMIu8S6gugdI2BvyF.webp

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Талғат Алдыбергенов қызметінен кетті. Бұл туралы бүгін, 8 шілдеде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жалғыз акционердің шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Ол бұл лауазымға 2025 жылдың 3 шілдесінде тағайындалған болатын.

Әзірге ұлттық теміржол компаниясының жетекшісі лауазымына жаңадан кім тағайындалатыны айтылмады.

 

 

 

 

 

 

Комментарии
Другие материалы