Қазақстандағы бойшаң студенттердің бірі оқуын сәтті бітірді

400
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AKTCO3ozfaiYoOem3gPZXuKEh13wgHTnXpMeGBVI.webp

Қазақстандағы ең ұзын бойлы студенттердің бірі Аяжан Амангельдиева Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін бітірді. Бұл туралы ЖОО-ның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Аяжан Amanzholov University-ді сәтті тәмамдап, диплом иегері атанды. Білім мен спортты қатар алып жүрген жас маманға алдағы кәсіби жолында толағай табыс тілейміз!»– делінген хабарламада.

Аяжан Амангельдиева 2004 жылы Тараз қаласында өмірге келген. Бойы 2 метр 5 сантиметрді құрайтын ару волейболмен бес жасынан бері айналысады. Кәсіби шеберлігінің арқасында ол Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері болған. Қазіргі таңда Аяжан «Томирис» баскетбол клубында өнер көрсетіп жүр.

Комментарии
Другие материалы