Босфор мен Дарданеллден өту қымбаттады. Түркия жаңа тариф енгізді

616
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4UyY8wTzapEA6wVOsBTZ3zwrcW80fz24n7rsj24c.jpg

Түркия 1 шілдеден бастап Босфор мен Дарданелл бұғаздары арқылы түрік порттарына кірмей өтетін халықаралық кемелер үшін транзит алымын шамамен 15%-ға арттырды. Бұл туралы елдің Көлік және инфрақұрылым министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жаңа тариф бойынша алым мөлшері бір тонна үшін 5,83 доллардан 6,7 долларға дейін өскен. Есептеу кеменің таза тоннажына қарай жүргізіледі.

Аталған мөлшерлеме 2027 жылдың 30 маусымына дейін қолданыста болады.

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылғы шілде мен 2025 жылғы маусым аралығында кемелер транзитінен түскен кіріс 223 млн долларды құраған. Ал 2025 жылғы маусымда аяқталған жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 254 млн долларға дейін өскені күтілуде.

2025 жылы Босфор мен Дарданелл бұғаздары арқылы 40,17 мыңнан астам кеме өткен.

Комментарии
Другие материалы