The Athletic әлем чемпионатының үздік бес футболшысын атады

445
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zKEIlR9gFVwB5T5Azl8zFsLyDAdm75lP9A54oRtZ.jpg

Белгілі The Athletic спорт басылымы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үздік ойыншылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Үздік бестікке Франция құрамасының үш футболшысы енген. Алайда рейтингтің көшін Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси бастады. Франция құрамасының көшбасшысы Килиан Мбаппе екінші орынға жайғасса, оның командаластары Усман Дембеле мен Майкл Олисе төртінші және бесінші орындарды иеленді. Үшінші орын бразилиялық Винисиус Жуниорға бұйырды.

Лионель Месси топтық кезеңдегі үш матчта алты гол соқты. Ал Килиан Мбаппе, Усман Дембеле, Винисиус Жуниор және норвегиялық Эрлинг Холанд төрт голдан еншіледі.

Месси әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша Мирослав Клозенің рекордын жаңартып, көрсеткішін 19 голға жеткізді. Сонымен қатар ол әлем чемпионаттарында қатарынан жеті матчта гол соққан алғашқы футболшы атанды.

Еске салайық, бұған дейін футболдан әлем чемпионатының алғашқы плей-офф матчында Канада құрамасының жеңіске жеткенін жазған едік.

Комментарии
Другие материалы