28 маусымда футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матч өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Лос-Анджелесте өткен 1/16 финалдық кездесуде Канада мен Оңтүстік Африка құрамалары кездесті. Матчтағы жалғыз голды канадалық жартылай қорғаушы Стивен Эуштакиу қосымша уақыттың 90+2-минутында соғып, өз командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша Канада құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алған алғашқы команда атанды. Келесі кезеңде олар Нидерланд пен Марокко арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Бұл ойын 30 маусым күні Мексиканың Монтеррей қаласында өтпек.
1/8 финалдағы кездесу 4 шілдеде АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтеді.
