Астанада автобус пойызбен соқтығысып қалды

131
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/he8PEhz60FvkLyALzOIEuoV4dt6JlOXjRmGE6CeH.jpg

Астана қаласында Тайбурыл көшесіндегі теміржол өткелінде маршруттық автобус, пойыз және жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 20 маусым күні орын алған. Iveco маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі теміржол өткелінен өту кезінде қозғалыста келе жатқан локомотивке жол бермеген.

Соқтығыс салдарынан автобус инерциямен қозғалып, Hyundai маркалы жеңіл автокөлікке соғылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендер жоқ. Алайда көлік құралдарына механикалық зақым келген.

Аталған факті бойынша автобус жүргізушісіне қатысты теміржол өткелінен өту қағидаларын бұзу және соның салдарынан көлік құралдарының бүлінуіне әрі материалдық шығын келтіруге байланысты әкімшілік іс қозғалды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай құқық бұзушылық үшін жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан тоғыз айға дейін айырылуы мүмкін.

Комментарии
Другие материалы