Аргентина құрамасының капитаны Мессидің жұбайы Антонелла Рокуццо футболшының әлем чемпионаттарындағы жетістігіне байланысты желіде пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
2026 жылы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина құрамасы Аустрияны 2:0 есебімен жеңді. Кездесуде Лионель Месси екі гол соғып, әлем чемпионаттарының финалдық кезеңдеріндегі голдар санын 18-ге жеткізді. Осы нәтижемен аргентиналық шабуылшы Германия құрамасының бұрынғы ойыншысы Мирослав Клозеге тиесілі 16 голдық көрсеткіштен асып түсіп, турнир тарихындағы ең көп гол соққан футболшылардың біріне айналды.
Антонелла Рокуццо әлеуметтік желідегі парақшасында Мессидің жетістігіне қатысты:
«Сенің тарихты қайта-қайта жазып жатқаныңды көру – үлкен мәртебе. Сені жақсы көремін, Лео!» - деп жазды.
Айта кетейік, Лионель Месси кәсіби мансабында көптеген халықаралық және клубтық жетістіктерге қол жеткізген. Ол ұзақ жылдар бойы «Барселона» сапында өнер көрсетіп, Испания чемпионаты мен УЕФА Чемпиондар лигасын бірнеше мәрте жеңіп алған.
