Телефон қуаттағыш жарылып, блогер қыз ауыр күйік алды

84
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OV17p4wCF344tpEeF29PDWCr2djpJ2vZrJG89tJa.jpg

Павлодардағы фитнес-клубтардың бірінде жаттығудан кейін жергілікті блогердің сөмкесінде болған пауэрбанк жарылып, ол ауыр күйік алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Криминальный Казахстан-ға сілтеп. 

Зардап шеккен қыздың айтуынша, оқиға үйіне қайтуға дайындалып жатқан сәтте болған. Ол бастапқыда сөмкесінен шыққан қою түтінді байқамаған. Ал сөмкені шешуге әрекеттенген кезде пауэрбанк жарылып кеткен. Жарылыстың салдарынан жалын қыздың басы мен қолын шарпып, ол ауыр күйік жарақаттарын алған.

Фитнес-клуб қызметкерлері оқиға болған сәтте дереу көмек көрсеткен. Алайда өртті толықтай ғимараттың сыртына шыққаннан кейін ғана сөндіру мүмкін болған.

Зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлер оның жарақаттарын ауыр деп бағалаған. Мамандардың айтуынша, күйіктер жазылғаннан кейін денесінде тыртықтар қалуы мүмкін.

Сонымен қатар, блогер қыз ауруханаға жатудан бас тартқаны хабарланды.

Комментарии
Другие материалы