Қытайдан келген қазақтар туралы бұрын айтылмаған шындық

104
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cK4luWuIGBCkzmzWCoKU2sVbioeWwO7GjikC9W53.jpg

Адырна” ұлттық порталы YouTube арнасының кезекті қонағы – «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы, ақын, қоғам қайраткері Алмас Ахметбекұлы.

Ол сұхбат барысында шығармашылық жолы, тарихи Отанына оралуы, қандастардың қоғамдағы орны және елдегі саяси-әлеуметтік мәселелер жөнінде ой бөлісті.

Сұхбат кезінде ақынның шетелден елге оралғаннан кейін қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуын сөз етілді. Алмас Ахметбекұлы тәуелсіз Қазақстанға қоныс аударудың өзі өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі болғанын атап өтті.

Ақын елге оралған қандастардың алғашқы жылдардағы қиындықтарына да тоқталды. Оның айтуынша, азаматтық алу, құжат рәсімдеу және әлеуметтік бейімделу мәселелері көптеген отбасылар үшін үлкен сынақ болған. Сонымен қатар, 1990-жылдары тарихи Отанына көшіп келген қазақтардың ел дамуына қосқан үлесі зор екенін айтты.

Комментарии
Другие материалы