Starlink желісі кеңеюде. Falcon - 9 зымыранымен 23 спутник ұшырылды

258
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Y0SiqpD9lUaraj1i8vzP2ASxqYmnTs1KxHm1YoEo.jpg

7 маусымда Калифорниядағы Ванденберг ғарыш айлағынан Falcon - 9 зымыраны ұшырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ixbt.com-ға сілтеме жасап.

Ұшу жергілікті уақытпен 21:24-те жүзеге асқан. Зымыран орбитаға 21 Starlink спутнигі мен 2 Starshield спутнигін шығарған.

Starlink спутниктері жоғары жылдамдықты ғаламдық интернет желісін кеңейтуге арналған. Ал Starshield — SpaceX компаниясы жасаған Starlink спутниктік топтамасының мемлекеттік нұсқасы. Starshield АҚШ-тың барлау және үкіметтік миссиялары үшін арнайы әзірленеді.

Falcon 9 зымыранының бірінші сатысы Тынық мұхитындағы ұшқышсыз кемеге сәтті қонды.

Бұған дейін Starlink арқасында Боливияның 14 шалғай мектебіндегі 1000-нан астам оқушы мен мұғалім жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізгені хабарланған.

Starlink — әлемдегі ең танымал спутниктік интернет жүйесі. Ол 10 мыңнан астам ғарыш аппаратын қамтиды және 160 елде 12 миллионнан астам абонентке қызмет көрсетеді. Starlink-тің жаңа буыны — V3 спутниктерінің алғашқы ұшырылымы 2026 жылы Starship арқылы жүзеге асырылуы күтілуде. Бұл спутниктер қызмет мүмкіндігін айтарлықтай арттыруы тиіс.

Комментарии
Другие материалы