Қызылордада 5 маусым күні із-түссіз жоғалып кеткен 6 жасар Медина Мұратқызының мәйіті Сырдария өзенінен табылды. Құтқарушылар ауқымды іздеу-құтқару шаралары екі күн бойы жүргізген, деп хабарлайды "Адырна".
Жедел шараларға қарамастан, бүлдіршінді аман табу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар тарапынан тексеру жүргізілуде.
Айта кетейік, марқұм Медина 5 маусымда шамамен сағат 18:30-да Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің жағалауына жақын орналасқан «Рисмаш» ауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
