Арменияның Цахкунк ауылында қасқырлар 300 қойды жарып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Caliber.Az-ға сілтеп.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, келтірілген шығын шамамен 40 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл — аталған ауылда жабайы жануарлардың шабуылынан малдың жаппай қырылуы тіркелген алғашқы жағдай.
Жергілікті тұрғындар облыстық билік пен экономика министрлігінен материалдық қолдау көрсетіп, шығын өтеуді талап етіп отыр.
