Ұлытауда «Көкмайса – даланың тірі тарихы» республикалық этномәдени фестивалі өтеді

145
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Fb2W3Xm2Ox7de7VXy2kwZ3212KqIBVnudqWBMBtu.png

13 маусым күні Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Ералиев ауылында «Көкмайса – даланың тірі тарихы» атты республикалық этномәдени фестиваль ұйымдастырылады.

Ауқымды мәдени шара сағат 10:00-де басталады. Фестиваль аясында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін этноауылдар тігіліп, қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен таныстырылады.

Бағдарлама бойынша қонақтар қымызмұрындық рәсімін тамашалап, ұлттық спорт ойындарына куә болады. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, 500 бие сауылатын тарихи көрініс ұсынылады.

Шара барысында танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт те өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Көкмайса» фестивалі — қазақ даласының рухын сезінуге мүмкіндік беретін, ұлттық дәстүр мен мәдениетті ұлықтайтын ерекше жоба.

Комментарии
Другие материалы