Ақмолада электр желісінің тірегі құлап, қозғалыс тоқтатылды

286
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VUHFo1afOSr1VNo4RerWADHjHsXaRITrZaPEfen2.webp

Ақмола облысында электр желісінің тірегі құлап, жолды жауып қалған. Оқиға куәгерлері болған жағдайды видеоға түсіріп, желіге жүктеген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кадрлар kokshe_city_03 парақшасында жарияланған. Видео авторының айтуынша, оқиға салдарынан көліктер жолдан өте алмай қалған.

Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімдігі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Оқиға Алматы - Екатеринбург республикалық тасжолында, Ескі Қолутон ауылдық округінің Қосқөл ауылына жақын маңда болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ВЛ-500 жоғары вольтты электр желісінің тірегі жолдың жүру бөлігіне құлаған»,–делінген хабарламада.

Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне төнген қатерге байланысты бұл учаскеде қозғалыс уақытша тоқтатылған. Қазіргі таңда оқиға орнында барлық тиісті қызмет жұмыс істеп жатыр.

 

Комментарии
Другие материалы