Иранға қарсы «Эпикалық қаһар» операциясы аяқталды — Марко Рубио

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lNpb70c4GnTGuYAEN22ra6kuqS8VCb8TClzBNTxt.webp

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иранға қарсы «Эпикалық қаһар» атты америкалық операцияның аяқталғанын, президент Дональд Трамп бұл кезеңнің аяқталғаны жөнінде Конгреске хабар бергенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Эпикалық қаһар» операциясы аяқталды, біз бұл кезеңнің аяқталғанын Конгреске хабарладық. Енді біз «Бостандық жобасы» операциясын бастадық», – деді Рубио Ақ үйде журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Айтуынша, АҚШ-тың қазіргі басты басымдығы – Ормұз бұғазы арқылы теңіз тасымалын қайта қалпына келтіру. Ол АҚШ-тың атысты тоқтату кезеңіндегі әскери әрекеттерін «қорғаныс операциясы» деп атады.

Трамп егер келіссөздер сәтсіз аяқталса немесе Иран қолданыстағы бітімді бұзса, әуе соққыларын қайта бастау мүмкіндігін жоққа шығармады.

Комментарии
Другие материалы