Әлем кубогы. Қазақстандық спортшы көркем жүзуден қола медаль жеңіп алды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fj6DTXUwVc4XdFtFfPIyhFDNBV5nWCAgmAi7k4zJ.jpg

Қытайдың Сиань қаласында көркем жүзуден әлем кубогінің кезекті кезеңі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды “Адырна”.

Отандық спортшы Виктор Друзин ерлер арасындағы жекелей сында (техникалық бағдарлама) шеберлік танытып, қола медаль иеленді. Төрешілердің шешімімен Друзин 232.5350 балл жинап, үздік үштікті түйіндеді. 

Осы бағдарламада бақ сынаған тағы бір отандасымыз Алдияр Рамазанов жүлделі орынға бір табан жетпей тоқтап, жарысты төртінші сатыда аяқтады. Жарыс нәтижесі бойынша алтын медальді Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблин (245.6850 балл) еншілесе, күміс жүлде қытайлық Муе Гоға (245.2684 балл) бұйырды.

Айта кетейік, Сиань төріндегі дүбірлі дода 3 мамырға дейін жалғасады.

Комментарии
Другие материалы