«Алған орденім емханаға тіркелуге жарамады»

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RJmuE5pySA9Rmol7KZ9l9kESqNkXcMtvnSb5Ljdb.jpg

"Адырна" ұлттық порталы YouTube арнасының кезекті қонағы – қазақ радиосының күміс көмейлі дикторы Сауық Жақанова

Сауық Жақанова өзінің өмір жолы, кәсіби тәжірибесі және жеке өміріндегі қиындықтар туралы ашық айтты. Сұхбат барысында ол бірнеше маңызды мәселеге тоқталды.

Диктор өз тәжірибесінде емханаға тіркелуде қиындықтарға тап болғанын айтты. Орден алғанымен, оның бұл мәртебесі кейбір медициналық рәсімдерде жарамсыз болып шыққан. Сонымен қатар, Сауық апаның бір бүйрегін туберкулез диагнозымен алып тастаған, екі құлағы бірдей естімейтін болып қалған.

Сауық Жақанова өмірінде оған көмектескен адамдарға алғыс айтты және қиындықтар кезінде жақсылыққа сенімнің маңызды екенін атап өтті.

Көп балалы отбасында өскен Сауық Жақанова балалық шағының қиындықтарын еске алды. Оны кейде "қуғыншы қыз, ақ торғай" деп атаған. Бірақ бұл қиындықтар оны мықты және еңбекқор етті.

Комментарии
Другие материалы