Жанры жоқ жазбалар

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CwgImFI5CGxA5YrJKMSKtlgbBZsEpahk9wC3HHV2.jpg

"Жанры жоқ жазбалар» журналист, радиожурналистика майталманы Жанар Оразымбеттің өмірден ойып алынған шағын прозалык, эсселік жазбалар жинағы. Бұл кітапта калыптасқан әдеби шекаралар мен дәстүрлі жанр талаптары әдейі бұзылы окырманға өмірдің өзіндей еркін, тосын әрі шынайы мәтіндер ұсынылады.

Автор күнделікті тіршіліктегі ұсак көріністер, тосын диалогтар, адам мінезі, коғам мен уакыттың бет-бейнесін юмор, мысқыл, ирония арқылы бейнелей отырып, терең философиялык, психологиялық ой түйіндейді. Әрбір жазба - бір сәттік кадр, бір тыныс, бір шындық. Мұнда ойдан кұрастырылған сюжеттен гөрі нақты өмір тәжірибесі, авторлық «меннің» айкын даусы алдыңғы қатарға шығады.

Кітап мазмұны нон-фикшн мен флеш-фикшиге тән белгілерді қазақы дүниетаныммен ұштастыра отырып, казіргі цифрлық дәуір оқырманына лайык ықшам, әсерлі, мазмұны терең форма ұсынады. «Жанры жоқ жазбалар» адам, коғам, уакыт туралы ойландырған, күлдіре отырып толғандыратын, шындыкты боямасыз жеткізетін заманауи прозалык туынды.

 

Комментарии
Другие материалы