Қырғызстанда Тәшиевтің туған інісі ұсталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xf1Mi4kszBhPC3v0R57wrgPjHmo3zhr9Ut0F66Yl.webp

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚК төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің інісі,  экс-депутат Шайырек Тәшиев ұсталды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық істі тергеу барысында Жоғарғы кеңес депутаты болып жұмыс атқарған Шайырбек Тәшиевті ұстады», — делінген хабарламада.

ІІМ мәліметіне қарағанда, ол «Қырғызмұнайгаз» ААҚ-дағы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тұтқынға алынған. Тәшиевтің Бішкектегі уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін оның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаны хабарланған еді. Сонымен қатар ол ІІМ-нің бас тергеу басқармасында жауап беріп, кейін босатылған болатын.

 

Комментарии
Другие материалы