AIRAN медиажобасы жұмысын тоқтатты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7bWK7JYnR2wEsRYfHkY1iNw5dqUK7M7XTWL926tv.webp

AIRAN медиажобасы жұмысын тоқтатқанын жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

«Біздің AIRAN YouTube-арнамызда екі аптадан бері тыныштық орнады. Осы уақыт бойы біз алаңдаулы көрермендер мен әріптестерімізге қиындықтар болып жатқанын және оларды шешіп жатқанымызды айттық. Бұл шынымен де солай болды – 13 наурыз, жұма күні біз тікелей эфирлер жасауды және видео жариялауды тоқтаттық. Осы уақыт ішінде жағдайды реттеуге тырыстық. Бірақ нәтиже шықпады. AIRAN MEDIA редакциясы жұмысын тоқтатады», - деп хабарлады дүйсенбі күні жоба редакциясы.

Журналистер оның себебін түсіндірді.

«Өйткені біз қазіргі қалыптасқан жағдайда әрі қарай жұмыс істей алмаймыз. Төрт жыл бұрын, соғыстың басталуы мен Қаңтар оқиғасы аясында біз осы жылдар бойы бағдарымызға айналған қағидаттарды таңдадық. Біз оларды шын жүректен ұстануға тырыстық, бірақ, өкінішке қарай, қазір бұл мүмкін болмай қалды. Әлемдегі және елдегі жағдай қандай болса, солай қабылдауымыз керек, біз оны ескерусіз қалдыра алмаймыз. Бірақ ешқандай қайғылы жағдай болған жоқ. Жобалар пайда болады және жобалар жойылады. AIRAN – өте мықты жоба болды. Біз осы уақыт бойы бізді қолдаған және, ең бастысы, біз үшін тірек болған жандарға алғыс айтамыз. Әрине, бізге хат жазған көрермендерге де шексіз ризамыз. Біреулер бізге не болғанына алаңдаса, енді біреулер «Айран, ақыры, ашып кетті» деп қуанды. Бұл өте жақсы. Салауатты қоғамда солай болуы керек – әркімнің өз пікірі бар, тек немқұрайлылық болмаса болғаны. Көрермендерге рақмет және командаға рақмет! Барлығы AIRAN болады! Барлығыңызды жақсы көреміз», - делінген хабарламада.

Комментарии
Другие материалы