Алматы облысында жаппай төбелес болды. Полиция аспанға оқ атқан

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rID96oyW8goQaZN1j4tiDrOPNBSUR0eHnim77Fu2.jpg

Алматы облысының Есік қаласында жаппай төбелес болды. Полицейлер ескерту ретінде аспанға оқ атып, жеті адамды ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға 28 наурызда Еңбекшіқазақ ауданында болған.

«Жеті адам күдікті ретінде танылды. Барлық қатысушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.

Тергеуді Еңбекшіқазақ ауданы полициясы облыстық полиция департаментінің бақылауымен жүргізіп жатыр. Іс ерекше бақылауға алынған.

Комментарии
Другие материалы