Жер сағаты. Не істеу керек?

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7aaMaK6amKhnesQlY9x6KrMbU3BUTcbXIe25walQ.jpg

Әлем бойынша Жер сағаты акциясы өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жыл сайын өткізілетін бұл бастама қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған.

Акцияның басты шарты – кез келген адам өз үйінде немесе жұмыс орнында жарықты 60 минутқа сөндіру арқылы қатыса алады. Алайда мамандардың айтуынша, «Жер сағатының» негізгі мәні электр энергиясын үнемдеуден де кең. Басты мақсат – жаһандық экологиялық проблемалар туралы қоғамның хабардарлығын арттыру.

Экологтар қазіргі таңда климаттың өзгеруі, биоалуантүрліліктің азаюы, ауа мен судың ластануы сияқты мәселелер адамзат алдында тұрған негізгі қауіптердің бірі екенін атап өтеді. Осы тұрғыда «Жер сағаты» акциясы адамдарға табиғатты қорғаудың маңыздылығын еске салады.

Акцияға қатысу үшін күрделі әрекеттер қажет емес: белгіленген уақытта жарықты сөндіріп, бір сағатты электр құрылғыларынсыз өткізу жеткілікті. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар бұл уақытты отбасымен бірге өткізуге немесе табиғат туралы ойлануға арнауға кеңес береді.

Комментарии
Другие материалы