Әл-Фараби даңғылындағы апат. Бірнеше қызметкер жұмысынан кетті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BG38mEqmJMI7ZFSwOUeqUSh105SWE9G51f5SmQeV.jpg

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасымен Алматы қаласында болған резонанстық жол-көлік оқиғасы алғашқы сәттен бастап ерекше бақылауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрлік қазіргі уақытта қоғамда айтылып жатқан барлық уәж тексеріліп жатқанын айтты.

«Алдын хабарланғандай, аталған апат бойынша бұған дейін қылмыстық іс қозғалған болатын. ZEEKR автокөлігінің жүргізушісіне соттың санкциясымен қамаққа алу шарасы қабылданды. Апат кезінде ол жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. Сондай-ақ министрдің тапсырмасы бойынша қызметтік тексеріс басталды. Оның объективтілігі мен толықтығын қамтамасыз ету үшін Алматы қаласына Өзіндік қауіпсіздік департаментінің, Әкімшілік полиция комитетінің және Жеке құраммен жұмыс департаментінің басшылары тәжірибелі қызметкерлермен бірге жіберілді. Ал мемлекеттік нөмірлік белгілердің заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаментімен қылмыстық іс қозғалды»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты әрекетсіздік фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғалған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Осы айтылған қызметтік тексеріс және қылмыстық істер аясында барлық мән-жайлар, оның ішінде медиакеңістікте таралып жатқан ақпарат жан-жақты тексеріледі. Анықталған кемшіліктерге байланысты кадрлық шешімдер қабылданды. Министрдің бұйрығымен Алматы қаласы полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды. Заң бұзушылықтар расталған жағдайда апат қатысушылары да, лауазымды тұлғалар да жауапқа тартылады»,-деп толықтырды ІІМ.

Комментарии
Другие материалы