Палестиналықтар тұратын ауылдарға шабуылдар жасалды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0aIwPqSFCG8uGm2ZZ3STOKICD1oUfE9kRLSh9VXP.webp

Израиль бақылауындағы Батыс жағалау аумағында еврей қоныстанушылары палестин ауылдарына бірқатар шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.

Олар үйлерді, автокөліктерді және ауыл шаруашылығы алқаптарын өртеген.

Қақтығыстың күшеюіне 18 жастағы қоныстанушы Иегуда Шерман қаза тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, ол квадроциклмен келе жатқан кезде палестиналық жүргізуші басқарған көлік қағып кеткен. Полиция бұл оқиғаның әдейі жасалған шабуыл не кездейсоқ жағдай екенін анықтап жатыр.

Оқиғадан кейін WhatsApp мессенджеріндегі топтарда қоныстанушылар арасында «кек алу науқанына» шақырған хабарламалар тараған. Израиль қорғаныс министрлігі өкілінің мәліметінше, бір түн ішінде 20-дан астам шабуыл тіркелген.

БҰҰ дерегіне сәйкес, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан кейін қоныстанушылар тарапынан зорлық-зомбылық жиілеп, 1 наурыздан бері алты палестиналық қаза тапқан.

Израиль қорғаныс әскері мәлімдеуінше, тәртіпсіздіктер туралы хабарламалардан кейін әскери бөлімшелер мен шекара полициясы бірнеше палестин ауылына жіберілген.

Шабуылға ұшыраған елді мекендер қатарында Джалуд, Карьют, Аль-Фундукмия және Силат әл-Дхах ауылдары бар. 

Комментарии
Другие материалы