Қазақстан Орталық Азияда экономикалық өсім бойынша үшінші орынға шықты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hL9pOuKKqdLNqWt3JSgGRT3DSNV8cjHfeHGSME0P.webp

2025 жылы Орталық Азия елдерінің экономикасы соңғы жылдардың ең жоғары өсу қарқынын көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Есеп бойынша Қырғызстан – 9%-дан 11,1%-ға дейін өсуімен бірінші орында. Өзбекстан – 6,5%-дан 7,7%-ға дейін, Қазақстан – 5%-дан 6,5%-ға дейін, аймақ бойынша үшінші орынға жайғасқан.

Halyk Finance сарапшыларының айтуынша, экономикалық өсімді дүниежүзілік минералдық ресурстарға сұраныс, нарықтардың ашылуы және жалпы экономикалық кеңістіктің қалыптасуы қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, инвестициялар мен ішкі тұтыну қарқынының жоғары болуы инфляцияның баяулауына кедергі жасайды. 2025 жылы аймақ елдерінің жалпы ЖІӨ 0,5 триллион АҚШ долларынан асты, ал адам басына шаққандағы ЖІӨ 12 мың доллардан жоғары болды.

2022 жылдан бері экономикалық өсім көшбасшысы болып Қырғызстан саналады. Елдің ЖІӨ-сі нақты есеппен шамамен 44% өскен, бұл ішкі өндірісті арттыру, құрылыс бумы, тұтыну сұранысын кеңейту, тауарларды реэкспорттау және салық-таможня әкімшілігін жақсарту арқылы қамтамасыз етілген.

Комментарии
Другие материалы