Садыр Жапаров Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rkbM2up82T6NfEDhU52KKUAHolGpT1TChElscEYK.jpg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, аймақтағы шиеленістің күшеюіне алаңдаушылық білдірді. Ол бұл туралы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Президенттің айтуынша, Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығуы бауырлас араб елдеріне кері әсерін тигізіп отыр.

«Бізді Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі және оның бауырлас араб мемлекеттеріне теріс әсері қатты алаңдатады. Қақтығыстың қасиетті ораза айында орын алып жатқаны ерекше өкінішті. Бұл – рухани тазару, қайырымдылық, кешірім мен өзара құрмет кезеңі», – деп жазды ол.

Садыр Жапаров аймақтағы бейбіт тұрғындар арасында болған көптеген құрбандарға байланысты халықтардың қайғысына ортақтасатынын айтты.

«Біз бейбіт тұрғындар арасындағы көп құрбандарға байланысты аймақ халықтарының орны толмас қайғысы мен қасіретін бөлісеміз. Осындай апатқа әкелген кез келген әрекетті айыптаймыз», – деді ол.

Сонымен қатар Қырғызстан БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттарына сәйкес аймақтағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу үшін халықаралық қауымдастықтың күш біріктіруін қолдайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ тараптарды сабырлық танытуға, әскери әрекеттерді дереу тоқтатуға және жағдайды тек бейбіт жолмен шешу үшін конструктивті диалогқа қайта оралуға шақырды.

Комментарии
Другие материалы