Смағұлов пен Рахымбаев дүниежүзілік Forbes тізіміне ілінді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vjarFVS36CiyLoMQpxI2w95we85loJViQT1DvyEw.jpg

Forbes-тің 2026 жылғы жаһандық миллиардерлер рейтингіне алғаш рет дәулеті 1 млрд доллардан асқан қазақстандық кәсіпкерлер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев енді, деп хабарлайды "Адырна".

Forbes.kz мәліметінше, Нұрлан Смағұловтың байлығы шамамен 1,3 млрд долларға бағаланып отыр. Ол әлемдік миллиардерлер рейтингінде 2858-орында тұр. Ал дәулеті 1,1 млрд долларға бағаланған Айдын Рахымбаев тізімнің 3185-сатысына жайғасты.

Айта кетсек, Нұрлан Смағұлов – Қазақстанда Оңтүстік Корея және Қытай көліктерін құрастыратын және сататын Аstana Group президенті, MEGA сауда-ойын-сауық орталықтары желісінің негізін қалаушы және иесі. Желіге Алматыдағы MEGA Alma-Ata мен MEGA Park, сондай-ақ Астанадағы MEGA Silk Way нысандары кіреді. Бұл нысандарды Mega Center Management компаниясы басқарады. Ал Айдын Рахымбаев – құрылыс саласындағы кәсіпкер, Қазақстандағы ең ірі девелоперлік компаниялардың бірі – BI Group холдингінің негізін қалаушы әрі басшысы.

Жаңа қатысушыларды есепке алғанда, Forbes жаһандық тізіміндегі қазақстандық миллиардерлердің саны артты. Бұған дейін бұл тізімде Вячеслав Ким, Тимур Турлов, Владимир Ким, Тимур және Динара Құлыбаевтар, сондай-ақ Болат Өтемұратов болған еді.

Жалпы алғанда, Forbes-тің 2026 жылғы әлемдік рейтингінде байлығы 1 млрд доллардан асатын 3400-ден астам адам бар.

 

Комментарии
Другие материалы