Өрттен кейін Теңізде мұнай өндіру қайта басталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Pm3elEy5lSEXWHU0J3jGnJb2iiaBiu2NMGNHYgjD.jpg

Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орындарының бірі — Теңізде мұнай өндіру қайта қалпына келтірілді. Бұл туралы журналистерге Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта кен орнында тәулігіне шамамен 120 мың тонна мұнай өндірілуде.

«Теңізде мұнай өндіру қайта қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта кен орнында тәулігіне 120 мың тонна көлемінде мұнай өндіріліп жатыр», –деді министр.

Ақкенженовтің айтуынша, кен орнында болған өрттің себептерін анықтау бойынша арнайы комиссия тергеуді аяқтап жатыр. Ресми нәтижелер жақын уақытта жарияланады.

Еске салайық, 2026 жылдың қаңтар айында Қазақстандағы Теңіз кен орнында газтурбиналық электр станциясының электр генераторларында екі рет өрт шыққан. Екі оқиға да жедел түрде сөндіріліп, зардап шеккендер болмаған.

Комментарии
Другие материалы