Бұл қай Пезешкиан? Президент АҚШ базаларына соққы жасайтынын айтты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vPjpH6pQmUX67LOwF95Y8QvWqNczDmyzfC6u1mk3.webp

Бұдан алдын көрші елдерден кешірім сұраған Иран президенті Масуд Пезешкиан енді Тегеран Таяу Шығыстағы АҚШ әскери базаларына жауап соққыларын жалғастыратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл базалардан Иран аумағына шабуылдар жасалып жатыр. Бұл туралы Иран басшысы Шахбаз Шариф, Пәкістан премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесу барысында айтқан, деп хабарлайды "Адырна".

Пезешкианның сөзінше, Иран аймақтағы мемлекеттерге қарсы шабуыл жасауды немесе олармен қақтығысқа баруды мақсат етпейді. Оның айтуынша, ел тек өзін-өзі қорғау құқығы аясында әрекет етеді және Иран аумағына соққы жасалған әскери нысандарға ғана жауап береді.

Сондай-ақ Иран президенті кейбір жағдайларда шабуыл жасаушылар көрші мемлекеттердің аумағын пайдаланып, Иранның инфрақұрылымына, қоғамдық орындары мен ауруханаларына соққы жасайтынын айтты. Оның пікірінше, мұндай әрекеттер бейбіт тұрғындардың қаза болуына және нысандардың қирауына әкеледі. Сондықтан Иранға шабуыл жасалған базалар жауап соққыларының нысанасына айналатынын атап өтті.

Иран президенті бұдан алдын төңіректегі елдерге шабуыл жасағаны үшін кешірім сұраған болатын. «Біздің аймақтағы мемлекеттермен жаулығымыз жоқ. Көршілерімізден кешірім сұраймын. Егер Иранға қарсы шабуыл болмаса, біз тарапынан көрші елдерге қарсы ешқандай әскери әрекет жасалмайды», – деген еді Пезешкиан.

Комментарии
Другие материалы