Нахчыванға жасалған шабуыл. Пезешкиан Әлиевке телефон шалды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xRWuybZH4If5rNrz3G4BbmlCoBiScJFAXbABZAD9.jpg

8 наурызда Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол әңгіме барысында Нахчыванға жасалған шабуылға Иранның қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

«Иран тарапының бастамасымен президенттер Масуд Пезешкиан мен Ильхам Әлиев телефон арқылы сөйлесті. Әзербайжан мемлекетінің басшысы Нахчыванда болған оқиғаны жан-жақты тергеудің маңыздылығын атап өтті», – делінген хабарламада.

Пезешкиан бұл оқиға міндетті түрде тексерілетінін жеткізген.

5 наурыз күні Әзербайжанның Нахчыван әуежайы маңында Иран аумағынан ұшырылған екі дронның құлағанын хабарлаған болатын. Соның салдарынан әуежай ғимаратына зақым келіп, екі адам жарақат алған. Әзербайжан тарапы Баку қажет болған жағдайда жауап шараларын қабылдау құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеген.

Ал Иран қарулы күштерінің бас штабы Әзербайжанның әуе кеңістігіне дрондар ұшырылды деген ақпаратты жоққа шығарып, болған оқиғаға Израильді жауапты деп мәлімдеген.

Комментарии
Другие материалы