АҚШ-тың Норвегиядағы елшілігінде жарылыс болды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xkV3wIQYKI524r82DhDSzQu6JRW8poffsdTjftWb.webp

Бүгін, 8 наурызда Ослодағы АҚШ елшілігі ғимаратында жарылыс болды. Норвегия полициясының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды “Адырна”.

Полицияның хабарлауынша, жарылыс АҚШ елшілігі кешенінің консулдық бөлімшесінің кіреберісінде болған.

Куәгерлердің айтуынша, түнгі сағат 1:00 шамасында қатты жарылыс болған. Осло тұрғыны Анна Гилбо CNN-ге берген сұқбатында ол кезде өзіңнің достарымен үйде болғанын айтады.

"Мен теледидар көріп отырғанмын, бір уақытта бүкіл үйді қозғап жіберген қатты дауысты естідім. Жарылыстан кейін іздеу жұмыстары біраз уақытқа дейін жалғасты, бұл мені және достарымды қатты алаңдатты, бірақ қауіп сейілген сияқты", - дейді ол.

Осло полициясының өкілі Микаэль Деллемир NRK қоғамдық телеарнасына жарылыс шынымен де Америка елшілігінің аумағында болғанын айтты.

Оқиға Американың дүние жүзіндегі дипломатиялық өкілдіктерінде күшейтілген қауіпсіздік шаралары кезінде орын алды. Бұған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соққы жасауы, ал Тегеранның Парсы шығанағындағы АҚШ нысандарына шабуыл жасауы сипатындағыТаяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуімен байланысты.

Ослодағы жарылыстың осы оқиғаларға қатысы бар-жоғы, әзірге белгісіз.

Комментарии
Другие материалы