Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына төрағалық етті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MtIEzNTUSORT7BNvu79d3V5aXt2xOTudxeJF95In.webp

АҚШ президенті Трамптың жұбайы Мелания Трамп Нью-Йоркте өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысына төрағалық етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл – Кеңес тарихында мемлекет басшысының жұбайы жүргізген алғашқы отырыс.

Жиын қарулы қақтығыстар кезінде балаларды қорғау мәселесіне арналды. Отырыс АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы аясында өтті.

Мелания Трамп қазіргі кезеңді «қиын уақыт» деп атап, АҚШ әлемдегі барлық балаларды қолдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл мәлімдеме нақты бір аймаққа емес, жалпы жаһандық жағдайға қатысты айтылған.

«Жақында сіздерге бейбітшілік беріледі деп үміттенемін», – деді ол.

Отырыс алдында Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Әмір Саид Иравани АҚШ төрағалық еткен кеңесте балалар мәселесінің талқылануын сынға алды. Оның пікірінше, АҚШ армиясы Иран қалаларына соққы жасап жатқан кезде мұндай жиын өткізу орынсыз.

Комментарии
Другие материалы