Конькимен жүгіру. Қазақстан әлем чемпионатын 6 алтынмен аяқтады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mbYWlxkCtC4riO4fZnO6zNAFe4hmvUKDfONQ7u8b.jpg

Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден Германияның Инцелль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын алты алтын медальмен аяқтады. Бұл туралы ҰОК жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әлемдік додадағы соңғы алтынды ел қоржынына Вадим Чебардаков салды. Шешуші жарыс күнінде қазақстандық спортшы масс-стартта жеңіске жетті. Ол қашықтықты 5:29.87 уақытта бағындырып, 34 спринтерлік ұпай жинады.

Осылайша Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеті медальмен түйіндеді. Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында, сондай-ақ кіші көпсайыста чемпион атанды. Сонымен қатар ол 3000 метрде күміс жүлдеге ие болды.

Әйелдер құрамасы командалық спринтте топ жарды. Бұл сында ел намысын Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова және Варвара Глухова қорғады.

 

 

Комментарии
Другие материалы