Алғашқы құрбандар. Израиль соққысынан Иранда 40 оқушы қаза тапты, ондаған адам жараланды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dnY5N4Zf6iZDM9U5WyG6l0HgKbRXId8mjRRTBvMc.webp

Иранда Израиль шабуылынан шамамен 40 оқушы қаза тапты, тағы да ондаған оқушы жараланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясы, Минаб округінде болған. Бұл туралы Иранның IRNA агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік мәліметіне сәйкес, шабуыл кезінде Минаб округіндегі бастауыш мектептің қыз балалар бөлімі нысанаға алынған. Бұл – Иран тарапынан хабарланған алғашқы құрбандар. Әуелде 24 оқушының қазасы хабарланғанымен, соңынан құрбандар саны өскені белгілі

Комментарии
Другие материалы