Ел ертеңі үшін дауыс беру – елдік міндет

130
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cdtnszSlS8zr2df43L5wbqWrOLibLLNQb2kzpjom.png

Ел ертеңін айқындайтын жаңа Конституция жобасына дауыс беру – әрбір қазақстандықтың елдік міндеті. Жалпыға ортақ іске жұмылғандар ішінде еліміздің көк байрағын әлемге әйгілеп жүрген спортшылар мен өнер майталмандары да бар. Олар өз саласында ғана емес, саяси аренада да көптен оза шауып, 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы туралы ойларымен бөлісті. 

 Кикбоксингтен әлем чемпионы Ерлан Шағбан желіге жариялаған жазбасында спортта әрбір сәт жарыс тағдырын шешетіні секілді, еліміз үшін де тағдыршешті кезең келгенін айтты.

Описание: https://olympic-astana.kz/wp-content/uploads/FullSizeRender-10-12-19-02-04-1.jpg

«Біз үшін кикбоксингте әр сәт тағдыр шешеді. Бір ғана соққы, бір ғана әдіс жекпе-жек жеңімпазын анықтап береді. 

Сол секілді қазір біздің еліміз үшін тағдыршешті кезең келе жатыр. Ата заңымыздың басым бөлігіне өзгерістер енгелі тұр.

Өмірде және спортта әрбір секунд маңызды. Біз шаршы алаңға шыққанда тек күшімізге емес, нақты жоспар мен дұрыс шешімге сенеміз. Бір сәт кешігу мен босаңсу жеңіліске әкелуі мүмкін.

​Отанымыздың тағдыры да рингтегі айқас сияқты. Мұнда сырттан бақылап тұруға болмайды. Конституциялық референдум біздің ортақ болашағымыз үшін жасалатын ең маңызды қадам.

15 наурызда еліміздің болашағына атсалысуға халық болып жұмылайық. Біздің жарқын күндеріміз өз қолымызда», деп жазды әлем чемпионы.

 Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлы әлеуметтік желіде отандастарын жарқын болашақ үшін дауыс беруге шақырды.

Описание: Picture background

«15 наурызда еліміз үшін саяси маңызды оқиға – республикалық референдум өтеді. Референдум бұл тек дауыс беру ғана емес, бұл – азаматтық жауапкершілік пен ел тағдырына бейжай қарамау. Болашақ үшін біздің дауысымыз маңызды. Жарқын болашақ үшін дауыс беруге шақырамын», деп жазды ол.

 Белгілі мәнерлеп сырғанаушы, ел чемпионы Айза Мамбекова жеңіс тек мұз үстінде ғана емес, ортақ құндылықтарды сақтап, болашақты бірге құра білуде екенін жеткізді.

Описание: Picture background

«Жаңа Конституция» – жаңа серпін, жаңа жауапкершілік. Мұз айдынында әр қозғалыс тәртіпке, сенімге және ішкі тәртіпке негізделеді. Сол сияқты, мемлекет те мызғымас қағидаттарға негізделуге тиіс.

Спортшы ретінде мен ант беремін, ал азамат ретінде елімнің бірлігі мен егемендігін құрметтеймін», деп сөзін түйіндеді спортшы.

 Биіктікке секіруден Сурдлимпиада рекордын жаңартып, жеңімпаз атанған жеңіл атлет Фаина Мейрманова жаңа Конституцияны қабылдау еліміз үшін маңызды күн екенін айтты.

Описание: Picture background

«Спортта жетістік кездейсоқ келмейді. Нәтижеге жету үшін тәртіп пен жауапкершілік керек. Бұл күнделікті өмірге де қатысты. Әсіресе заңдар мен елдің болашағы туралы әңгіме қозғалғанда бұл айтылғандардың маңызы бұдан да арта түседі. Осы орайда 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Бұл еліміз үшін аса маңызды күн. Сондықтан мен оған қатысамын», деді ол халыққа арнаған бейнежазбасында.

 Спорт дүлдүлдерінен өнер иелері де қалысып жатқан жоқ. Әйгілі сазгер, әнші Алтынбек Қоразбаев 130 адамнан құралған Конституциялық комиссия әзірлеген жаңа Ата заң жобасын қолдайтынын, өйткені ол жерде елі мен жерін сүйетін, Отанымыздың болашағына алаңдайтын азаматтар болғанына сенетінін жеткізді.

Описание: Picture background

«Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірпалаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте өзінің халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң серпін беру мақсатында айтқан болатын. Мен саясаткер емеспін, бірақ Ата заңымызға 84 пайыз өзгеріс енуі – үлкен жаңалық деп ойлаймын. Президентіміздің ұсынысымен енгізіліп жатқан осы өзгерістерді шын жүректен қолдаймын. Жаңа Конституция еліміздің әрі қарай дамуына, Әділетті Қазақстанды құруға көмегін тигізеді деп сенемін», деді өнер саласының майталманы.

 

Белгілі эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасова Ата заңымыздың мазмұны жаңарып, ел болашағының берік құқықтық іргетасы қаланып жатқанын тілге тиек етті.

Описание: Picture background

«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды. Қолданыстағы баптардың басым бөлігіне түзету енгізу қажеттілігі жаңа редакция қабылдауды заңды етті. Соның нәтижесінде Конституцияның мазмұны жаңарып, ел болашағына берік құқықтық негіз қаланып жатыр.

Қазіргі күрделі кезеңде ішкі тұрақтылықты сақтап, жүйелі реформаларды жүзеге асыру – мемлекеттің басты жетістігі!», деп жазды әнші.

Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актёры Жалғас Толғанай референдум әр азаматтың дауысы естілетін сәт екенін айтфп, әр сөзін дәлелді уәжбен тұздықтады.

Описание: Picture background

«Әр таңдау – болашаққа салынған қадам.

Әр дауыс – ел тағдырына қосылған үлес.

Жаңа Конституция:

– адам құқығын қорғауды күшейтеді;

– әділетті қоғам құруға жол ашады;

– билік пен халық арасындағы жауапкершілікті нығайтады», деді өнер майталманы.

Комментарии
Другие материалы