Мемлекет басшылары Қазақстан Президентін құттықтады

144
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sBKyhMcXUKPFi2AmHzlSTVOeUi5u4R0gwLwzaKzx.png

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекет басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы

Бұл туралы Ақорда мәлімет таратты.

Мемлекет басшысын бірқатар елдердің көшбасшылары құттықтаған. Атап айтқанда, Шавкат Мирзиёев, Мухаммед бен Заид Әл Нахаян, Мухаммед бен Рашид Әл Мактум, Мансур бен Заид Әл Нахаян, Мұхаммед VI, Масуд Пезешкиан, Абдель Фаттах ас-Сиси, Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах және Махмуд Аббас сынды мемлекет қайраткерлері ізгі тілектерін жолдаған.

Ақорда мәліметінше, Қазақстан Президентінің атына жолданған құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Комментарии
Другие материалы